Автор: ADMIN
Аты аңызға айналған боксшы Джордж Форман өмірден өтті

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы, екі дүркін чемпион әрі Олимпиада жеңімпазы Джордж Форман 76 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы хабарды оның отбасы растады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
“Махаббаттарыңыз бен дұғаларыңыз үшін алғыс айтамыз. Бізге ерекше бақыт сыйлаған адамның өмірін құрметтей отырып, оның жанына тыныштық тілейміз”, – деп жазды Форманның отбасы.
1949 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген Джордж Форман бокстағы мансабын әуесқой ретінде бастап, бар болғаны 25 жекпе-жектен кейін Олимпиада чемпионы атанды. 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп, әлемге таныла бастады.
Кәсіпқой бокстағы дебюті 1969 жылы өтті, ал екі жылдан кейін ол WBA және WBC рейтингтерінде №1 үміткер атанды. 1973 жылы ол Джо Фрейзерді сенсациялық түрде нокаутқа түсіріп, ауыр салмақтағы әлем чемпионы болды.
Форманның ең әйгілі жекпе-жектерінің бірі 1974 жылы өтті. “Джунглидегі тарсыл” деп аталған бұл кездесуде ол Мұхаммед Әлимен рингте бетпе-бет келіп, сегізінші раундта жеңілді.
1977 жылы Форман спорттан кетіп, діни қызметкер атанды. Бірақ қаржылай қиындықтарға байланысты 10 жылдан кейін қайта оралды. 1994 жылы, 45 жасында, ол ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Бұл – бокстың тарихындағы ең таңғаларлық камбэктердің бірі.
Форман 1997 жылы бокстан толықтай кетіп, өзінің бизнесін дамытумен айналысты. Ол тек спортшы ғана емес, табысты кәсіпкер ретінде де танылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет