Әлем
Автор: ADMIN
Әлем
Ресейдің дрон шабуылы: Киев пен Запорожьеде қаза тапқандар бар
21 наурыз кешінде Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына “Шахед” типті 12 дронмен шабуыл жасады. Әуе соққысы тұрғын үйлерге тиіп, өрт басталды, инфрақұрылым нысандары қирады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуылдан үш адам қаза тапты, олардың ішінде 14 жастағы қыз бар. Тағы 12 адам жарақат алған. Көпқабатты және жеке үйлер қатты зақымданды.
Ресейлік дронның қалдықтары Киевтің Подольск ауданындағы тұрғын үйдің шатырына құлап, өрт тұтанған. Жалын үш қабатты үйдің жоғарғы бөлігіне таралып, өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады.
Украина билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Последние новости
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться