Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-05-01 22:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

FIFA ауған босқын әйелдер құрамасына халықаралық турнирлерге қатысуға рұқсат берді

news single

    Ауғанстанның босқындардан құралған әйелдер футбол құрамасы 5 жылдан кейін халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Команда ойыншылары елде билікке тәліптер келген соң Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болған еді. 

 

   Бұл шешім Канадада өткен Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) кеңесінің отырысында қабылданды. FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, ұйым Afghan Women United бастамасын қолдайды. 

 

   «Біз бұл бастамаға ризамыз және осы арқылы жарыстарға қатысу үшін ұлттық команда ретінде тіркеле алмай отырған FIFA-ға мүше өзге қауымдастықтарға да мүмкіндік бергіміз келеді», – делінген мәлімдемеде. Ауғанстан әйелдер ұлттық құрамасы соңғы ресми матчын 2018 жылы өткізген.

 

   Ал 2021 жылы тәліптер билікке қайта келгеннен кейін елде әйелдердің спортпен айналысуына толық тыйым салынды. Соның салдарынан футболшылар қудалаудан қорқып, шетелге кетуге мәжбүр болды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться