Автор: ADMIN
Тазару күні: Жаңа жылды жаңарумен бастайық!
Наурыз – табиғаттың жаңаруы мен адамның рухани тазаруын дәріптейтін мейрам. Бұл күні тазалық тек қоршаған ортаға ғана емес, ой-сана мен жүрекке де қатысты болмақ. Халқымыз жаңа жылды таза ниет, жарқын үміт және мықты сеніммен қарсы алуды дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Наурызнама онкүндігінің соңғы күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде сенбілік ұйымдастырылып, қаланың көрікті орындары мен саябақтар мерекеден кейінгі қалдықтардан тазаланады. Бұл экологиялық шара қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықтың белгісіне айналады.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акцияларынан бастап, ұлттық дәстүрлер мен мәдени іс-шараларға дейін ауқымды бағдарламалар қамтылған. Ал Тазару күні – жаңа жылды таза орта мен таза көңіл күймен қарсы алудың тамаша мүмкіндігі!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı