Автор: ADMIN
Түркияда топ жарған Нариман Құрбанов: Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жеңіс
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан спортшылары ерекше нәтижелер көрсетті. Спорттық гимнастикадан жарысқа қатысқан Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ресми бәсекесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшы тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанып, өз елінің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Тұтқалы ат снарядының финалында:
• 1-ші орын — Нариман Құрбанов (Қазақстан)
• 2-ші орын — Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)
• 3-ші орын — Ахмад Әбу әл-Сауд (Иордания), әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері
Жарыс әлі аяқталған жоқ, ертең соңғы нәтиже жарияланады. Бұл жеңіс Қазақстан спортшыларының халықаралық аренадағы күшін көрсететін тағы бір қадам болып табылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu