Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-05-08 21:50:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алыстағы ағайын.

news single

   Қазақ жігіті Лондонның ең беделді ауданының мэрі атанды

   Лондонның қақ ортасында орналасқан тарихи әрі ең қымбат аудандардың бірі - Saint James (Сент-Джеймс) ауданының басшылығына қандасымыз Санжар Әбішев келді. Аудан Букингем сарайының іргесінде, Сент-Джеймс саябағы мен корольдік нысандардың маңында орналасқан.

   Бұл - Ұлыбританиядағы ең қымбат жылжымайтын мүлік шоғырланған аймақ. Санжар Ұлыбританияда мектеп жасынан бері тұрады. Ол беделді Malvern College оқу орнын және университетті тәмамдаған. 33 жастағы Санжар Әбішев Консервативтік партия атынан *Westminster City Council (Вестминстер қалалық кеңесі) құрамына сайлауға түсті.

  Ол өз қарсыластары - лейбористерден 350 дауыс басымдығымен озып шықты. Ұлыбританияның басқару жүйесінде аудан мэрі (немесе кеңес мүшесі) лауазымы — бұл үлкен жауапкершілік.

 

   Отандасымыздың мұндай деңгейге жетуі - қазақ жастарының әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі. Қандасымыз қазақ атын асқақтата берсін! Абырой мен сәттілік тілейміз!

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться