Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-05-11 20:15:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі күйінде табылды

news single

   Ақтөбе облысында Кенқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл ақпаратты облыстық әкімдік растады. Марқұм 4 мамыр күні қызметтен босату туралы өтініш жазған.

 

   Ал 5 мамырда оны қызметінен босату жөніндегі бұйрыққа қол қойылған. 6 мамыр күні таңертең Серікжанов Кенқияқ ауылындағы өз үйінде өлі күйінде табылған.

 

   Ақтөбе облыстық полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

 

   — Тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

   Белгілі болғандай, Қуанышбек Серікжанов мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері жұмыс істеген, ал ауылдық округ әкімі қызметін 2023 жылдан бері атқарған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться