Алматы Ажары

Автор: ADMIN

Алматы Ажары 2026-02-19 01:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

МЕДЕУ: ӘЛЕМДІК РЕКОРДТАРДЫҢ «ҰСТАХАНАСЫ»

news single

   Алматының мақтанышы, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан аңызға айналған «Медеу» мұз айдыны туралы не білеміз? Мұз айдыны бұл жерді ХІХ ғасырдың аяғында игерген, атақты меценат және болыс Медеу Пұсырманұлының есімімен аталған. Ол осы шатқалда ағаш егіп, табиғатты аялаған жан болған. Ол өз дәуірінде мұқтаж жандарға көмектесіп, мектептер мен мешіттердің құрылысына демеушілік жасаған.

  Оның беделі соншалық, Верный қаласының әкімшілігі онымен санасып отырған. 1970-жылдары мұз айдыны салынған кезде, оған қандай ат беру керек деген сұрақ туғанда, жергілікті халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан атауы жеңіп шықты. Бұл - қазақ зиялылары мен қарапайым халықтың өз тұлғасына деген құрметінің белгісі. Медеу Пұсырманұлы - табиғатты сүйген, туған жерін гүлдендіруді армандаған нағыз патриот. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер Медеуге барғанда, еріксіз сол ақсақалдың есімін атайды. Бұл - жақсының аты өлмейтінінің тікелей дәлелі. Қазіргі заманауи кешен 1972 жылы пайдалануға берілді. Трибуналар 8100 адамға дейін қабылдай алады. 

   Аумағы 10,5 мың шаршы метр. Мұздың беті таудың таза бұлақ суынан дайындалады, сондықтан мұнда коньки тебу өте жеңіл. Мұнда тек спорт қана емес, мәдениет те гүлденді. Аты аңызға айналған «Азия дауысы» халықаралық фестивалі осы жерде өтіп, әлемдік жұлдыздардың басын қосты. «Медеуде» конькимен жүгіру спортынан 120-дан астам әлемдік рекорд орнатылған. Оны «рекордтар фабрикасы» деп атауы бекер емес.

 

   Ал сіз «Медеуге» соңғы рет қашан бардыңыз?

 

  Жаңыл Әпетова 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться