Алматы Ажары

Автор: ADMIN

Алматы Ажары 2026-03-10 15:31:00

Біз әлеуметтік желілерде:

АЛМАТЫНЫҢ «АЛТЫН ТӘЖІ»: «ҚАЗАҚСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

news single

    Алматы десе, көз алдымызға асқақ таулар мен Медеуден кейін бірден осы ғимарат келеді. Бұл жай ғана қонақ үй емес - бұл тұтас бір дәуірдің символы, инженерлік ойдың шыңы және қаламыздың ең фотогеникті нүктесі! Алматы сейсмикалық аймақ. 70-жылдары мұнда 25 қабатты үй салу «мүмкін емес» деп есептелген. Бірақ архитектор Юрий Ратушный мен конструктор Александр Деев Мәскеудің қатал тыйымына қарамастан, тәуекелге баруының нәтидесәнде осындай шедевр дүниеге келген.

   Міне, бұл ғимарат туралы сіз білмеуіңіз мүмкін 5 қызықты дерек:

  1. Алғашқы «көк тіреген» 1977 жылы бой көтерген бұл ғимарат Қазақстандағы ең алғашқы зәулім үй болды. 25 қабатты (биіктігі 102 метр) нысан 30 жыл бойы Алматының ең биік ғимараты атағын ешкімге берген жоқ.
  2. 2. Сейсмикалық «экзамен» Көптеген мамандар 9 балдық жер сілкінісіне төтеп беретініне сенбеген. Сондықтан құрылыс кезінде нағыз сынақ өткізілген: ғимараттың төбесіне арнайы дірілдеткіш машиналар орнатылып, жасанды жер сілкінісі жасалған. Нәтижесінде «Қазақстан» өзінің мықтылығын дәлелдеп шықты! Өз уақытында нағыз рекордсмен болды.
  3. 3. Аты аңызға айналған «Тәж» Ғимараттың төбесіндегі алтын түстес «тәж» оған ерекше аристократиялық сипат береді. Сәулетшілер оны жай ғана сән үшін емес, ғимараттың композициясын аяқтау үшін ойлап тапқан. Кешкі уақытта жарықпен шағылысқанда ол нағыз алтын тәж секілді жарқырайды.
  4. 4. Валютадағы бейне Естеріңізде ме? 1993 жылғы ескі 200 теңгелік банкнотта осы қонақ үйдің бейнесі қашалған болатын. Бұл ғимараттың мемлекеттік маңызы бар символ екенін тағы бір мәрте растайды.

5. Балалық шақ шамдарының сиқыры Көптеген алматылықтар мен қала қонақтарының есінде (ал кейбіреулердің үйіндегі сөресінде) «Қазақстан» қонақ үйі бейнеленген сол баяғы аңызға айналған сувенир-ночник әлі күнге дейін сақтаулы.

Шамды жаққан кезде, ғимараттың кіп-кішкентай терезелерінен жылы жарық шашылып, бөлменің ішін ертегідей түнгі қаланың атмосферасына бөлейтін. Бүгінде бұл ретро-светильник - нағыз раритет әрі 70-80 жылдардағы отбасылық жылулық пен жайлылықтың символы.. Бүгінде қонақ үй Алматының визит картасы болып қала бермек, ал оның бейнесі сол баяғы «алтын тәжді» шамдар сияқты жылу сыйлайды. 

  Қонақ үйде 447 нөмір бар.Бір мезетте 800-ден астам адамды қабылдай алады.

 Жылына: Орта есеппен жылына 150 000 – 200 000 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар (туристік маусымға байланысты). «Қазақстан» қонақ үйі - уақыт сынына төтеп берген, модернизм стиліндегі бірегей туынды. Ол өзінің жасына қарамастан, әлі де жас, әлі де еңселі!

 

   Ал сіз бұл қонақ үйдің ішінде болдыңыз ба?

 

  Немесе жанында суретке түскенді ұнатасыз ба?

 

  Пікірге жаза кетіңіз!

 

   Жаныл Апетова 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться