Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-05-16 22:13:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Әсел Серікбай дәл қазір Түркі әлемінің ең ірі шахмат додасында ел намысын қорғауда!

news single

   Бүгінгі таңда Қазақстан астанасы түркі әлемінің шахмат орталығына айналды. Астанада тарихи сәт — Turkic Team Chess Championships 2026 және Turkic Youth U16 Chess Olympiad 2026 турнирлерінің ресми ашылуы өтті.

 Бұл — Түркі елдерінің шахмат қауымдастығы аясында ұйымдастырылып отырған тұңғыш халықаралық жарыстар! Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның ең мықты шахматшылары бас қосқан осы беделді додада біздің отандасымыз, халықаралық шебер (WIM) Әсел Серікбай да бақ сынауда!

   6 жасында алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, 14 жылдан астам уақытын осы салаға арнаған Әселдің бүгінгі жетістіктері таңғажайып: 19 дүркін Қазақстан чемпионы! 3 дүркін Әлем чемпионы! 7 дүркін Азия чемпионы! Әлем және Азия чемпионаттарының көпдүркін жүлдегері. «Менің өмірімді мектепке келген шахмат үйірмесінің жетекшісі өзгертті. Өмірде ешбір адам кездейсоқ кездеспейді. Бала кезде басталған сол махаббат әлі күнге дейін сөнген жоқ», – дейді Әсел өз сұхбатында.

Бұл турнир - түркі елдерінің зияткерлік, мәдениет және спорт арқылы жаңа деңгейдегі ынтымақтастығының көрінісі. Қазақ атын әлемге танытып, халықаралық тақтада ақыл-ой шайқасын өткізіп жатқан Әселге және барша қатысушыларға тек қана сәттілік пен айқын жеңістер тілейміз!

 

   Жаңыл Әпетова 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться