Автор: ADMIN
Қазақстандық парадзюдошылар Әлем кубогында топ жарды: екі алтын, бір күміс!
Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) финалда Германия спортшысы Изобель Тайды шеберлікпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл – оның Олимпиада чемпионы ретінде алтын жапсырмасы бар кимономен алғаш рет жарысқа қатысуы.
Одан бөлек, Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг) да өз салмағында топ жарып, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын қосты. Финалда ол қарсыласы Виктория Потапованы сенімді түрде жеңді.
Жарыста Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Ол Украина және Грузия спортшыларын жеңіп, ақтық сында Литва балуаны Освальдос Барейкиске жол берді.
Бұл дода қазақстандық парадзюдошылардың әлемдік аренадағы күшін тағы бір дәлелдеген жарыс болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 спортсменов, 35 видов спорта: Казахстан отправился на Азиаду
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu