Автор: ADMIN
Лукашенко жетінші рет ант берді: Беларусь президентінің ұлықтау рәсімі қалай өтті?
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко жетінші рет мемлекет басшысы қызметіне кірісті. 25 наурызда өткен ұлықтау рәсімі кезінде ол Конституцияға қолын қойып, беларусь тілінде ант қабылдады, деп хабарлайды Shalqar.kz Белта агенттігіне сілтеме жасап.
Лукашенко дәстүрлі түрде ант мәтінін оқып, ел халқына адал қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Конституцияны сақтауға уәде берді.
— Беларусь Республикасы Президентінің қызметіне кірісе отырып, халқымызға адал қызмет етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Конституцияны сақтауға және қорғауға салтанатты түрде ант етемін, — деді ол.
2025 жылдың 26 қаңтарында өткен президенттік сайлауда Лукашенко 86,82% дауыс жинап, жеңіске жетті. Оған 5,1 миллионнан астам сайлаушы қолдау білдірген.
Ұлықтау рәсімі жабық есік жағдайында өтті. Іс-шараға тек мемлекеттік органдар мен шектеулі топтағы ресми тұлғалар қатысты. Қоғам өкілдері мен шетелдік журналистер шақырылмады.
Салтанатты жиында Лукашенко өз билік жүйесін “диктатура” деп сынайтындарға жауап беріп, оны халық мүддесіне негізделген басқару формасы деп атады.
— Бүкіл әлем біздің “диктатурамызды” армандайды. Бұл – нақты істер мен халқымыздың мүдделеріне негізделген жүйе. Бізде сөз бостандығы да жеткілікті. Тіпті өзін демократия эталоны санайтын елдерден бізде демократия көбірек, – деп мәлімдеді ол.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ اتىراۋ ۋراگاننىي ۆەتەر سنەس كرىشي دوموۆ ي پوۆرەديل لينيي ەلەكتروپەرەداچ
V Atırau uragannıy veter snes krışi domov i povredil linii elektroperedaç
Almatıda gaşiş saqtağan küdikti qamauğa alındı
Последние новости
Atıraudağı düley dauıl twrğın üylerdiñ şatırın wşırıp, elektr jelilerin zaqımdadı
اتىراۋداعى دۇلەي داۋىل تۇرعىن ۇيلەردىڭ شاتىرىن ۇشىرىپ, ەلەكتر جەلىلەرىن زاقىمدادى
V Atırau uragannıy veter snes krışi domov i povredil linii elektroperedaç