Әдебиет

Автор: ADMIN

Әдебиет 2026-05-28 00:06:00

Біз әлеуметтік желілерде:

«Даланы асқақтатып, тауды аласартпай...»

news single

   Бүгін Алматы төрінде, «Қазақстан» қонақүйінің Grand ballroom залында рухы биік, парасаты терең тарихи сәтке куә болдық. Ғасырға жуық уақыт бойы бүкіл бір ұлттың, тіпті Еуразия кеңістігінің абыройы мен үні болып келе жатқан бітуі бөлек бірегей тұлғамыз – ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық Евразия мәдениетін жақындастыру форум өтті. Жиынның «ӨЗ ЖЕРІНІҢ ЕЛШІСІ» («Посол своей земли») деп аталуының өзінде қаншама мән жатыр десеңізші! Олжас ағамыз – шынымен де өз жерінің, өз елінің әлемдік мінберлердегі ең сыйлы, ең ықпалды Елшісі. ЮНЕСКО аясында өткен бұл алқалы жиынның ауқымы таңғалдырмай қоймайды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзімен ашылған форум жаһандық мәдениет диалогына ұласты.

 

 

   ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО басшылары, Франция, АҚШ, Қытай, Израиль, Әзірбайжан, Ресей, Татарстан және Орталық Азия елдерінен келген халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зиялы қауым бас қосты. Бұл күні ақынның шығармашылығы ғана емес, ол кісі негізін салған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының бүгінгі жаһандық бейбітшіліктегі рөлі кеңінен сөз болды. Мерейтой иесі форумға өзі қатыса алмаса да, зал толы қонақтардың ақынға деген ыстық ықыласы мен шексіз құрметі әр сәттен сезіліп тұрды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мәртебелі қонақтар өздерінің арнайы дайындаған марапаттарын, медалдары мен ақжарма тартуларын Олжас ағамыздың сенімді көмекшісіне салтанатты түрде табыстап, ақынға деген ақ тилектерін жолдады.

 

 

   Сонымен қатар, форум аясында: Мерейтойға орай жарық көрген жаңа кітаптардың салтанатты тұсаукесері өтті. Ақынның құрметіне бекітілген «Даланы асқақтатып, тауды аласартпай» атты алтын медаль таныстырылды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов Олжас ағамызға арналған «Құрметті профессор» атағын табыс етті. Осындай ұлы тұлғалармен замандас болу, олардың әлемдік деңгейдегі идеяларының сабақтастығын көру – үлкен мәртебе. Ұлтының рухын асқақтатқан Жер Елшісі – Олжас ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Ғасыр жасаңыз, Абыз аға!

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться