Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-06-01 15:55:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ҚР СІМ Иран уранын Қазақстанда сақтау туралы бастамаға түсініктеме берді

news single

   ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен АҚШ арасында ядролық келісім жасалған жағдайда Иранның байытылған уранын Қазақстанда сақтау мәселесіне қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.   

 

  Бұған дейін Рафаэль Гросси АҚШ пен Иран келісімге келген жағдайда Иранның 60 пайызға дейін байытылған 440 келі ураны Қазақстан аумағында сақталуы мүмкін екенін айтқан болатын.

 

  Оның сөзінше, бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. 

 

  ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев МАГАТЭ мәлімдемесінде ұйымның бақылауындағы Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі туралы сөз болғанын түсіндірді. 

 

   Оның айтуынша, бұл банк ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайтуға ықпал етіп, бейбіт атом бағдарламалары үшін ядролық отынның кепілдендірілген қорын қамтамасыз ететін маңызды тетік саналады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться