Автор: ADMIN
Студенттік ұлт-аспаптар оркестрлерін басқарудың кейбір ерекшеліктері
Жұмагелді Нәжімеденов өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы дирижер, педагог
1. Оркестр дайындығына Құрманғазының «Көбік шашқан» күйін жоспарладық.
Оркестр дайындығының мынадай жұмыс түрлері болады:
1. Шығарманы бастан-аяқ бірнеше рет қайталап, көркемдік дәрежеге дейін жеткізу;
2. Шығарманыың техникалық жағын жетілдіру.
3. Оркестрдің жеке топтармен дайындық.
Оркестрмен жұмыс жасағанды жәй ырғақта ритмикалық жаттығу, гаммалар, этюдтерді мәнін сақап ойнау.
2. оркестрдің партияларын бөлек группада ойнау.
3. Үйге берілген күй, пьесаларды ойнау.
- Шығарманың ойлы-өрнек, мәнерлік құралдарын жүйелеп, мазұмынын ашып, көркемдік дәрежеге жеткізу немесе интерпретациялау.
- 2. Дайындық соңында игерілген шығармалардың ішіндегі оқушылардың көбірек ұнататынын ойнап, оркестр әзірлігін жоғары эмоциялық тұрғыда бітіру. Енді оркестрдің кейбір репертуарларына тоқталайық.
- Оның репертуары негізінен төрт бағыттан тұрады: а) Қазақтың ән-күйлері; б) батыс классиктерінің шығармалары. в) орыс композиторларының шығармалары г) қазақ оркестріне арнайы арналған шығармалары ж) халық күйі –«Тепеңкөк», «Кеңес», халық әні «Гакку», «Ақ Баян», «Ақбақай». Құрманғазы – «Кісен ашқан», «Көбік шашқан», «Саранжап», «Балбұрауын», «Адай». Дәулеткерей – «Қосалқа II вариант», «Ысқырма», «Қыз Ақжелең». Тәттімбет – «Сылқылдақ», «Қосбасар-I вариант». Дина –«16-жыл», «Әсемқоңыр», «Той бастар» Түркеш «Көңілашар». Ж.Назаров «Бейбітшілік» б) Ф.Шуберт –«Музыкалық момент» Штраус –«Персидский марш» Э.Григ –«Нарвежский танец № 2» в) П.Чайковский –«Сладкая грезы», «Экоссез», «Танец маленький лебедей» М.Глинка –«Полька» Василенко –«Балеро» г) А.Жұбанов –«Тәжік билері № 1,2,4», «Қазақ маршы», «Қарлығаш биі» а.Затаевич –«Қазақ маршы» Х.Тастанов –«Тыңға аттану», «Толғау» М.Қойшыбаев Қазақ оркестріне арналған «Симфония d-dur» II-III- бөлім Н.Тілендиев «Мұрагер», «Ата толғауы», «Көш керуені» М.Әубакеров «Көңілді жастар» К.Күмісбеков –«Балалар биі», «Фараби сазы», «Аяулы менің мекенім» Б.Жұбаниязов «Достық биі» А.Жаймов «Би күйі» т.б. Мен кезінде басқарған оркестр халық алдына жиі-жиі өнерлерін көрсеттіп тұратын.
- Жалпы білім беретін мектептерге де жылда концерт беріп тұрдық, бір жағынан проорентациялық жұмысын атқарып, өнерлі жастарды оқуға шақыруға көп көмегін тигізді. Сол кездегі музыкалық колледжінің төменгі I-II курс оқушыларынан құрылған ұлт-аспаптар оркестрі, кейінгі жылдары оркестр өзінің орындаушылық дәстүрін шыңдап, халық музыкасымен қатар батыс-орыс классиктерінің музыкасын ойдағыдай орындау дәрежесіне жете бастады. Болашақта біз музыка колледжісінің төменгі I-II курс оқушыларынан құрылған ұлт-аспаптар оркестрінің, бұдан былай қарай әлі де көптеген творчестволық табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Студенттік ұлт-аспаптар оркестрлерін басқарудың кейбір ерекшеліктері
2026 جىلعا ارنالعان زەينەتاقى جيناعىنىڭ ەڭ تومەنگى جەتكىلىكتى شەگى جارييالاندى
Последние новости
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ПІШІК ТАНУ ҒЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК
ЖАПАЛАҚ ПЕН ҚҰЗҒЫН ТУРАЛЫ
Жазу гигиенасы