Дерек пен дәйек

Автор: ADMIN

Дерек пен дәйек 2026-06-07 22:51:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Топай қажы

news single

ХІХ ғасырдың аяқ шенінде болса керек, Бұрылтоғайдың Қызылкиік деген жерінде Жұбанар деген кісінің шаңырағында бір ұл дүниеге келеді. Оның есімін алдыңғы баласы Жопайға ұйқастырып, Топай деп атайды. Қалампыр суымен шомылдырып, мимен сылап, «өс-өс» деп кергілеп-созғылағанда, нәресте іңгәлап жылаудың орнына былқ етпей жата береді екен. Мұны көрген әйелдер қайтерін білмей аңтарысып қалса керек.

Қырқынан шыға қоймаған нәрестенің «Аллалап» жылағанын естіген Жұбанар мен оның әйелі бұны жақсылықтың нышанына жориды. «Сұқты көз, сұмдық тілден сақта», – деп тілек қылып, сәбиді көп жылатпауға, бесігіне басқаны жолатпауға тырысады. Үш жасында сарнап тілі шыққан Топайды әкесі жеті жасында ауыл молдасына сабаққа береді. Аптиекті екі айтқызбай ұғып алатын Топай ағаларынан бұрын хат таныса да, бейтаныс Құран тілін ұға алмай, басы қатады. Көңіліндегіні ірікпей ақтара салатын ол бір күні молдаға:

– Тақсыр молда, осы бізді өзіміз ұғатын қазақ тілімен оқытсаңыз, – деп тілек қылыпты. Бірақ дүмше молда:

 – Бұл – Алланың тілі, оған шет болып бұрмалауға болмайды! – деп Топайға зекіп тастайды.

  Молдадан көңілі шайлыққан Топай оқуды қойып, ел кезген дәруішке айналады. Ол иенге барып, бастау бұлақтан дәрет алып:

– Жұбанардың ұлымын,

Мен Құдайдың құлымын.

 Үмітім – ұжымақ,

 Қорқынышым – тозақ.

 Топай – ұжымақтыкі,

 Жауыздар – тозақтікі.

 Әуелі Құдай елді аман қыл,

Зұлматтан жерді аман қыл.

Топайдың көңілі сонда тынар, – деп қазақша тақпақтап намаз оқып, екі қолын қусырып тұрып, қарғып-қарғып кетеді екен. Мұны көргендер таңырқап сұраса, Топай:

 – Алла ауызға сенбейді, ғибадаттың бәрі – жүректе. Құдайға қазақ тілімен де құлшылық етуге болады, – дейді екен.

  Біреулер Топайды «жынданған» деп жазғырса, ал кейбіреулер шарапатты, әулие адам деп қадір тұтатын болыпты. Топай Алтайдың күн бетіндегі он екі абақ керейдің үлкен-кіші шаңырағын бес саусағындай біледі екен. Ел кезіп, жер кезіп жүрген осы шайқының мынадай бірқанша шарапатты қасиеттері болыпты: ол қанша жол басып ел араласа да, бірде-бір көліктің үстіне шықпапты. Өз өмірінде үйленуді ойына да алмаған. Бұл туралы сөз қозғағандарға Топкең: «Хайуанға бұт артпаймын, әйел қойнына жатпаймын, арам астан татпаймын», – деп тақпақтайды екен.

Бірде құлтай болат Сейсеке бидің үйінде қазақша мінәжат қылып отырған Топай Шоқай мырзаның қажылық сапарына сәт тілеп, егіліп жылайды. Осыны есте сақтаған Жұпай Шоқай Байтұлаға барып, әркім сүйген құлына топырақ үйіп, «қажы» атандырып жатқанда, өзінің ілік-шатыс туысы емес Топай аузына түсіп, соған арнап топырақ үйіпті (сауапты іс жасапты). Сонымен Шайқы Топай «Топай қажы» атанып кеткен екен.

1938 жылы Алтайдың Өрмегейті деген жерінде үлкен той өтіп, бәйге болады. Бәйге төбеге Мәнкейдің кежімделген жүйрік атын әкеле жатқан жігіттер жаяу келе жатқан Топайды көріп:

– Қажы, атқа мініп алыңыз, – деп қолқалайды. Көне қоймаған Топакеңді жас жігіттер еркіне қоймай, кежімді атқа көтеріп салып, желе жөнелгенде, «хайуанға тақым тимесін» деп екі тізе, екі шынтағымен ат сауырына шорая қалған Топай жығылмапты. Бәйге төбеге жетіп, аттан түсіп жатқан қажы: «Осы ат бәйгеден келеді», – деп күбірлейді. Топайдың айтқаны келіп, Мәнкейдің аты бәйгеден бірінші болып келеді.

  1940 жылдардың бірінде Ертіс бойында бір үлкен той болып, бір топ әйел жер ошақ басында шай қайнатып әбігер болып жатқанда, Топай жастау бір әйелді ту сыртынан қапсыра құшақтай алып, оқыранып-оқыранып жібереді. Бұған кейбіреулер таңданса, кейбіреулер жатып кеп күледі. Әлгі әйел шаршы топта өзін масқаралап, қорлаған бұл адамға бұрқырап шамданады. Ал Топайды танитындар:

 – Қарағым, ашу шақырма. Топай қажы деген шайқы ағаң осы, сәлем беріп батасын ал, тілегің енді қабыл болар, – деп ақыл айтады.

Сөйтсе, әлгі әйелдің тұрмыс құрғанына 7-8 жыл болса да, бала көтермеген екен. Жұрттың ақылын алған жас әйел Топайдың алдына барып сәлем етіп, бата тілесе, Шайқы:

 – Сен енді бала көтересің, ұл табасың, ол – Топайдың баласы, – депті. Айтқанындай-ақ, көп өтпей жүкті болған әлгі әйел ұл тауып, атын Топай қояды. Одан соң тағы бір ұл тауып, оның атын Қаржаубай қойған екен. Қаржаубай Топаймен тұстас өткен, бірақ Топайды үнемі күндеумен болатын панасыз адам екен. Сондықтан Топекең «мен Қаржаубай жүрген жолмен жүрмеймін» деп кейбір мінәжаттарда: «Топай – ұжымақтыкі, Қаржаубай – тозақтікі», – деп дұға қылады екен.

 Жарым ғасыр Алтай өңірін аралап, жақсы-жаманын саралап, ізгі жандарға жүрегінен жарыла ақ дұға оқып, пасық жандарға ащы қарғысын аямай бағыштап өткен осы бір пәк сезімді шарапатты жан 40-жылдардың бас шенінде Төсқұдық деген бөктер тауда о дүниеге көшеді. Туыс-туған, ел-жұрты өз өсиеті бойынша сол жерге жерлейді. 40-жылдардың соңындағы қан кешті соғыс мезгілінің бірінде Үш аймақ армиясының бір жауынгері жау қоршауында қалып, қаша соғысып, иендегі Шайқының зиратына жетіп паналап атысады. Жау әскерін маңына қаратпайды. Осы орайда көмекші қосын келіп үлгеріп, жау армиясы тып-типыл болады да, әлгі әскер аман қалады.

  Бертініректе төр әйелдің көзі ілініп кетсе, бейтаныс бір қарт түсіне кіріп: «Әй, қарағым, орныңнан тұр, балаң оңшалды», – депті. Селт етіп оянған әйел басын көтерген заматта нәресте шырқырап жерге түседі.

   Ел ішіндегі үлкендер Топайды қазірге дейін «әулие» деп бас қояды (құрметтейді).

жайлауда толғатқан бір тұмса әйелдің баласы теріс келіп, ауыр қатерге тап болады. Төмендегі үлкен ауруханаға жеткізуге тура келіп, сөткелеп жол жүріп, Төсқұдықтағы шайқының зиратының басындағы бастауға түсіп, дамылдап сусындайды. Қиналып жатқан

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться