Автор: ADMIN
Айдана Ғазизқызы Грузияда пара дзюдодан алтын жеңіп алды
Тбилисиде өткен көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем кубогында қазақстандық Айдана Ғазизқызы J2 санаты бойынша 70 келіден жоғары салмақта топ жарды. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жалпы бұл Қазақстан құрамасы үшін үшінші алтын болды. Сонымен қатар, J1 санаты бойынша 95 келіден жоғары салмақта Бағланбек Оналбек күміс медаль иеленсе, Ерлан Өтепов қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық парадзюдошылар бұл сайысты 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін де отандық спортшылар әлем кубогында үш жүлде жеңіп алған болатын. Бұл жеңістер қазақстандық парадзюдошылардың халықаралық ареналардағы беделін одан әрі арттыра түсті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu