Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-06-14 16:08:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен жаңалық: New Vision Business Academy іске қосылады!

news single

     Алматыда өткен New Vision Forum 2026 аясында бизнес әлемін дүр сілкіндірген жаңа білім беру платформасы мен халықаралық экспедициялардың басталғаны жарияланды. New Vision Business Academy несімен ерекше?

 

   Бұл  -  жай ғана теория емес, ірі бизнес иелері, инвесторлар және алпауыт компания басшылары өз тәжірибесімен бөлісетін алғашқы executive-экожүйе.

 

   «Бизнестегі ең құнды білім оқулықтарда емес, күн сайын маңызды шешімдер қабылдап, дағдарыстардан өтіп жүрген адамдардың тәжірибесінде», – деп атап өтті New Vision негізін қалаушы әрі басшысы Максат Құрбенов.

 

   Платформа Innotech University-мен бірлесіп іске қосылды. Алғашқы модуль форум аясында басталып кетті, енді бағдарлама жыл бойы тұрақты жұмыс істейтін болады.  

 

   Әлемді бағындыру: Халықаралық бизнес-экспедициялар

 

  Тәжірибе мұнымен шектелмейді! Отандық кәсіпкерлер үшін жаңа нарықтар ашылуда:  7–15 тамыз: Африканың төрт еліне (ОАР, Ботсвана, Замбия және Зимбабве) сапар.

 

   Күз мезгілінде: АҚШ-тың Кремний алқабына (Silicon Valley) экспедиция.

 

  Бағдарламада: технологиялық алыптармен кездесу, инвесторлармен жүздесу және Arizona State University арнайы білім беру бағдарламасы! Бизнесіңізді жаңа деңгейге шығаратын уақыт келді!

 

   Түсініктемеде пікір бөлісіңіз, мұндай мүмкіндікті жіберіп алмас па  едіңіз?

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться