Автор: ADMIN
Оңтүстік Кореядағы орман өрті: Қаза тапқандар саны 18 адамға жетті
Оңтүстік Кореядағы алапат орман өрті салдарынан 18 адам көз жұмып, 10 адам жарақат алды. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Өрттің қарқынын күшейткен аңызақ жел жағдайды одан әрі ушықтырып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су мәлімдемесінде 17 мың гектардан астам орманның жанып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар 209 үй мен бірнеше фабрика өртенген. Ежелгі Гоун храмы да өрттен зардап шекті, дегенмен құнды ұлттық жәдігерлер дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілген.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореядағы төтенше жағдайға байланысты елшілікке қазақстандықтардан көмек сұраған өтініштер түспеген. Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарына қатысты қауіп жоқ.
Еске сала кетейік, 23 наурызда басталған орман өрті салдарынан төрт адам — үш өрт сөндіруші мен бір мемлекеттік қызметкер қаза тапқан болатын. Ел билігі аймақта төтенше жағдай жариялады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
5 баланың анасы 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу