Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-07-02 15:29:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглу қабылдады

news single

    Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында телекоммуникация нарығын дамыту перспективалары талқыланды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан VEON компаниясының отандық телекоммуникация саласы мен цифрлық экожүйені дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

 

  Президент жасанды интеллект еліміздегі цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінде экономикалық өсімнің негізгі факторына айналғанына назар аударды.

 

  Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығын заманауи есептеу инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде деректерді өңдеу орталықтарын салу және «бұлтты» сервистерді кеңейту жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

 

  Мухтерем Каан Терзиоглу компанияның озық телекоммуникациялық технологияларды енгізу және халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру бағытындағы жоспарларын таныстырды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться