Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-07-10 16:40:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жетісу облысында нөсер жауыннан көпірдің іргетасын су шайып кетті

news single

    Жетісу облысының Панфилов ауданында толассыз жауған нөсер салдарынан Бурхан өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, «Жаркент – Талды» аймақтық автожолындағы көпірдің іргетасын су шайып кетті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Осыған байланысты жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 шілде күні сағат 14:24-те нөсер жауын мен сел салдарынан Бурхан өзеніндегі су шығыны секундына 0,7 текше метрден 15 текше метрге дейін артып, қауіпті деңгейге жеткен.

 

   10 шілде күні таңертең су деңгейі төмендегеннен кейін мамандар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанған.

 

   Сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша, «Жаркент – Талды» аймақтық автожолы барлық көлік түрлері үшін толықтай ашылып, қозғалыс қайта жанданды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться