Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-07-13 01:55:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

news single

   Қазақстанда Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұранды пайдалану, орнату және орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "ҚР  Ақпарат және мәдениет министрлігі" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  Жаңашылдықтар мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін жетілдіруге және оларға деген құрметті арттыруға бағытталған. Енгізілген негізгі өзгерістердің бірі – терминологияны біріздендіру. Енді нормативтік құқықтық актілерде «Гимн» атауының орнына «Әнұран» термині қолданылады.

 

  Сондай-ақ Мемлекеттік Туды орналастыру тәртібі нақтыланды. Жеке және заңды тұлғалар Туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға да 45 градус бұрышпен іле алады. Бұған қоса, жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде 3 метр биіктікте орнатылуы тиіс.

 

  Бұрынғы түнгі жарықтандыру талабы алынып тасталды. Егер ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты Туды қасбетке орналастыру мүмкін болмаса, оны үй аумағындағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға рұқсат етіледі.

 

   Қағидаларға сәйкес, Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе өзге де заттардың бетіне тимеуі керек. Ту тік ілінген жағдайда ұлттық өрнек матаның жоғарғы бөлігінде орналасуы тиіс.

 

  Сонымен қатар Мемлекеттік Туды коммерциялық мақсат көзделмеген жағдайда мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда пайдалануға болады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться