Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-07-19 19:43:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдаған азаматтық кемелерге жасалған шабуылды қатаң айыптады

news single

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілде күндері Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдаған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдарды қатаң айыптады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай әрекеттер Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қол сұғу болып табылады. Сонымен қатар, бұл заңды халықаралық саудаға, жаһандық энергетикалық нарықтардың тұрақтылығына және халықаралық көлік-логистикалық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қасақана әрекет ретінде бағаланады.

 

  — Ерекше алаңдаушылық туғызатыны – Қара теңіз акваториясына КҚК терминалдарына мұнай тиеуге бағыт алған азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасудың барлық мүдделі тараптар алдын ала келіскен тетігінің әдейі ескерілмеуі.

 

  Бұл азаматтық кеме экипаждарының өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірді, — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться