Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-07-21 16:01:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Әскери борышын өтеген жастарға мемлекеттік білім гранты беріледі

news single

   Қазақстанда мерзімді әскери қызметін өтеген жастарға арналған білім беру жеңілдіктері кеңейтілді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.

 

  Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға толыққанды мемлекеттік білім беру гранттары беріледі. Грант иегерлері жоғары оқу орындарында тегін білім алып қана қоймай, мемлекеттік шәкіртақы мен жатақханадан орын алу мүмкіндігіне ие болады.

 

   Сонымен қатар, әскери борышын өтеп, жоғары оқу орнына түскен азаматтар конкурсқа қатыспай-ақ әскери кафедрада запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться