Автор: ADMIN
Қазақстанда жаңа 1000 теңгелік банкнот: ерекше дизайн және терең мағына
2025 жылдың 28 наурызынан бастап Қазақстанда жаңа дизайндағы 1000 теңгелік купюралар айналымға шығады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл – “Сақ стилі” сериясымен шыққан төртінші банкнота. Ол көшпенділердің мәдени мұрасын бейнелеп, қазақы ою-өрнектермен көмкерілген.
Жаңа банкнота несімен ерекше?
Түсі: Қоңыр және ашық қоңыр.
Алдыңғы бетінде:
• Қалықтаған құс пен “Өмір ағашының” бұтағы (Есік қорғаны, б.з.д. V-IV ғасыр).
• ДНҚ спиралін бейнелейтін шексіздік символы.
• Беріктік пен төзімділікті білдіретін артефакт – төс айыл (Бесоба қорғаны, б.з.д. VI-IV ғасыр).
Артқы бетінде:
• Оюлы қалқан аясында төбет пен тазы.
• Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі, “қалқан” символы – қорғаныш пен тұрақтылық белгісі.
• Ортасында күн бейнеленген дөңгелек – өмір мен жасампаздықтың символы.
Сонымен қатар, банкнотаның ортаңғы бөлігінде қазақ даласының көрінісі мен шексіздік белгісі ою-өрнек стилінде бейнеленген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى