Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-07-30 16:33:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Astana Smart City: Астанада 60 мыңнан астам камера қала тазалығын бақылайды

news single

    Astana Smart City ахуалдық орталығының басқарушы директоры Айбек Ахметбеков елордада қала тазалығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып жатқанын мәлімдеді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Оның айтуынша, бүгінде бірыңғай цифрлық жүйеге жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған 60 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған.

 

  Олар саябақтарда, тұрғын үй аулаларында, мектептерде, қоғамдық көліктерде және қалалық инфрақұрылым нысандарында орнатылған. Сонымен қатар, қалада бейнені бірнеше есе үлкейтіп, кең аумақты бақылауға мүмкіндік беретін алыс қашықтыққа арналған камералар жұмыс істейді.

 

   Олар қаланың айналасындағы биік ғимараттарға орналастырылған. Бұдан бөлек, жүйеге термокамералар да біріктірілген.

 

   Бұл түтіннің пайда болуын ерте кезеңде анықтап, ауқымды төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться