Автор: ADMIN
Софья Самоделкина Қазақстанға 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Бостонда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың алғашқы лицензиясын салды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
20 жастағы спортшы еркін бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тек екі элементте аздаған қателікке жол бергенімен, жалпы жақсы нәтиже көрсетті. Ол 117,78 ұпай жинап, еркін бағдарламада 13-орынға жайғасты. Ал қысқа бағдарлама нәтижесімен жалпы 181,36 ұпай жинап, 14-орынды иеленді.
Осы нәтижесінің арқасында Самоделкина Қазақстанға 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін қысқы Олимпиадаға алғашқы жолдаманы алып берді.
Әлем чемпионатында алтын медаль америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алиса Люге (222,97 ұпай) бұйырса, жапондық Каори Сакамото (217,98 ұпай) күміспен марапатталды. Қола жүлдені оның отандасы Монэ Тиба (215,25 ұпай) иеленді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قىزىلوردادا قاريلار بايقاۋى وتتى.
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті