Автор: ADMIN
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 700-ге жуықтады
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінің құрбандарының саны 694 адамға жетті. Елдің әскери үкіметі жариялаған мәліметтерге сәйкес, тағы 1670 адам жарақат алған, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Sky News-ке сілтеме жасап.
28 наурызда елде 7,7 балдық күшті жер сілкінісі тіркелген. Артынша магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі сезілді. Жер сілкінісінің дүмпулері Таиланд астанасы Бангкокта да байқалған.
Апат салдарынан бір шақырымнан асатын көпір опырылып, Мьянмада төтенше жағдай жарияланды. Әскери үкімет басшысы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министріне көңіл айтып, қолдау білдірді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Biıl sudı zañsız paydalanğandarğa 41 mln teñge ayıppwl salındı
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne
Последние новости
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne