Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-03 20:44:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА

news single

    Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және балалық шақты қорғау жүйесін жетілдіру аясында жаңадан құрылған Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының брифингі өтті.

 

    Іс-шара барысында мегаполистегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасыларды сүйемелдеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жаңа стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева өз сөзінде жаңа құрылымның маңызы мен алдағы жоспарларға тоқталды: «Бүгінгі таңда баланың құқығын қорғау – бұл тек қорғаншылық органдарының қызметі ғана емес.

 

    Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары, психологиялық қызметтер мен азаматтық қоғамды біріктіретін бірыңғай жүйе. Жаңа Басқарманың басты мақсаты – Алматы қаласы аумағында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және кез келген шешім қабылдау кезінде баланың мүддесі сөзсіз басымдыққа ие болатын жүйені құру», – деді Жанат Жеңісбекқызы.

 

    Брифинг барысында қалада ведомствоаралық ден қою мерзімдерін қысқарту, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды сүйемелдеудің бірыңғай қалалық жүйесін құру, жыл сайынғы жария баяндама дайындау және «Координациялық орталық» ашу сияқты 8 негізгі басым жобаның іске асырылатыны айтылды. Басқарма басшысы қала тұрғындарын балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырып, құқық бұзушылық немесе көмек қажет болған жағдайда шұғыл түрде 111 бірыңғай нөміріне хабарласуды сұрады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться