Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-04 19:04:00

Біз әлеуметтік желілерде:

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты талап: қай дәрігерлер қарайды, айыппұл бар ма

news single

   Елімізде 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты медициналық тексеру мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Кейбір азаматтар мұны жаңа талап ретінде қабылдап, жүргізуші куәлігінен айырылып қаламыз ба деген алаңдаушылық білдіруде. Алайда Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бұл талаптың жаңа емес екенін мәлімдеді. Ведомстволардың түсіндіруінше, 65 жастан асқан азаматтар жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру кезінде міндетті медициналық тексеруден өтеді.

 

   Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрыннан қолданыстағы тәртіп. Медициналық тексеру барысында азаматтарды терапевт, офтальмолог (көз дәрігері), оториноларинголог (ЛОР), психиатр және нарколог қарайды. Қажет болған жағдайда басқа да мамандардың кеңесі тағайындалуы мүмкін. Министрліктердің мәліметінше, тексерудің басты мақсаты – жүргізушінің көлік басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын анықтау.

 

    Егер медициналық қарсы көрсетілімдер анықталмаса, жүргізуші куәлігін алуға немесе мерзімін ұзартуға ешқандай кедергі болмайды. Сондай-ақ 65 жастан асқан жүргізушілерге арнайы айыппұл немесе қосымша әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған. Яғни, жасына байланысты ешқандай айыппұл салынбайды. Талап тек заңнамада көзделген медициналық тексеруден уақытылы өтуді қамтиды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться