Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-06 18:51:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда Канье Уэст концертіне жалған билет сатпақ болған азамат анықталды

news single

    Алматы полициясы әлемдік жұлдыздың концерті қарсаңында интернет арқылы жалған билет сатуға қатысты алаяқтық әрекеттің жолын кесті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында концертке билет сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігіт анықталған. Полицейлер оның заңсыз әрекетін дер кезінде тоқтатып, күдікті ешкімді алдап үлгермеген.

 

  Қазіргі таңда құқық қорғау органдары ауқымды мәдени іс-шаралар алдында әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және интернет-платформаларды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

 

   Мұндай мониторингтің мақсаты – жалған билет сату және жоғары сұранысты пайдаланып заңсыз пайда табуға тырысатын алаяқтардың әрекеттерін дер кезінде анықтау.

 

  Полиция тұрғындарды концерт билеттерін тек ресми сатылым арналары арқылы сатып алуға және күмәнді интернет-хабарландыруларға сенбеуге шақырды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться