Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-08-07 19:48:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Дания мектептерінде жазбаша жұмыстарды ауызша қорғау енгізіледі

news single

   Данияда оқушылардың жазбаша тапсырмаларды көшіру және өзгенің жұмысын пайдалануының алдын алу үшін жаңа талап енгізілмек,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Енді негізгі жазбаша жұмыстарды орындаған оқушылар оларды міндетті түрде ауызша қорғайды.

 

   Осылайша мұғалімдер оқушының жұмысты өз бетінше орындағанын және тақырыпты шын мәнінде меңгергенін тексере алады.

 

  Жыл сайын Данияда шамамен 9 мың мектеп оқушысы осындай ірі жазбаша тапсырмалар дайындайды.

 

  Жаңа тәртіп бойынша олар ауызша емтихан барысында өз жұмыстарының мазмұнын түсіндіріп, білімін қосымша дәлелдеуі тиіс. 

 

   Жаңа талап 16 жастан асқан орта мектеп оқушыларына қатысты болады. 

 

   Білім беру саласындағы бұл қадам академиялық адалдықты күшейтіп, дайын жауаптарды немесе басқа адамдардың еңбегін пайдалануды азайтуға бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться