Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-07 20:36:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ұлдана Мырзуанның күйеуі істі соңына дейін жеткізетінін айтты

news single

   2025 жылғы қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел оның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап

 

  YouTube желісіндегі сұхбатында ол бұл шешімінің себебін түсіндірді. «Бұл істі өзім бастаған соң, оны соңына дейін жеткізгім келеді. Барлық сатыдан өттім, процесте өзім бастамашы болдым және оны аяқтауға ниеттімін.

 

    Қазақта “ер жігіт бастаған ісін аяқтайды” деген сөз бар», – деді Әділет Зейнел. Оның айтуынша, істен бас тарту қоғам тарапынан түрлі пікірлердің туындауына себеп болуы мүмкін. Дегенмен ол өз шешімін өзгелердің сөзіне байланысты емес, Ұлдананың алдындағы ішкі жауапкершілігімен байланысты екенін атап өтті.

 

  «Мен өзгенің сөзінен қорыққандықтан емес, Ұлдананың алдындағы және барша жұрт алдындағы ішкі жауапкершілікті сезінгендіктен жалғастырып отырмын», – деді ол.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться