Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-12 20:02:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан мектептерінде смартфон қолдануға жаңа талаптар енгізілуі мүмкін

news single

   Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде оқушылардың смартфон пайдалануына қатысты жаңа тәртіп енгізіледі,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Қазіргі талқыланып жатқан талаптарға сәйкес, 1–7 сынып оқушылары сабақ кезінде смартфондарын арнайы орынға тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін мәлімдеген.

 

   Ал жоғары сынып оқушыларына қойылатын талап жеңілірек болуы ықтимал. Себебі 8–11 сыныптарда кейбір пәндер онлайн платформалар мен цифрлық ресурстар арқылы оқытылады. Сондықтан смартфонды оқу мақсатында пайдалануға қатысты ерекшеліктер қарастырылуы мүмкін.

 

    Бұл ретте әңгіме телефонды толықтай тәркілеу немесе мектепке әкелуге тыйым салу туралы емес. Негізгі мақсат – сабақ уақытында смартфонды пайдалануды шектеу. Оқу үдерісінде цифрлық технология қажет болған жағдайда мектептер планшет сияқты құрылғыларды қолдануды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда нақты тәртіп пен оны сақтау тетіктері әзірленіп жатыр.

 

   Сондықтан жауапкершілік шаралары мен смартфондарды сақтау тәртібіне қатысты соңғы талаптар кейінірек нақтылануы мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться