Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-15 17:51:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Балаларға қуаныш сыйлаған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

news single

   Жаңа оқу жылының қарсаңында бүлдіршіндердің жүзіне күлкі сыйлап, олардың білім алуына қолдау көрсету – ең игі істердің бірі. Осы орайда, Алматы қаласы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы мен белгілі айтыскер ақын, кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева басшылық ететін «SAAD» компаниясының қолдауымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында ерекше қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Біздің басқарма үшін әрбір баланың бақытты, жан-жақты дамыған әрі жаңа оқу жылына толық дайын болуы – басты басымдық. Осы игі бастама арқылы қаладағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 балаға мектепке қажетті барлық оқу құралдары мен сөмкелер толықтай табысталды.

 

 

   Бұл күн балалар үшін нағыз мерекеге ұласты. Балғындар алдымен ADK ойын-сауық сауда орталығындағы кинотеатрда балаларға арналған фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады. Кино көрсетілімінен кейін балалардың қуанышын еселей түсетін салтанатты түрдегі сыйлықтар таратылды. 

 

   «Әрбір баланың бақытты күлкісі мен жарқын болашағы – біздің басты мақсатымыз. Осындай қайырымды жандардың, атап айтқанда, Aйнұр Тұрсынбаева бастаған "SAAD" компаниясының қолдауының арқасында жүздеген бала мектепке зор қуанышпен, сеніммен аттанады», – деп атап өтті басқарма басшысы Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева. Қол ұшын созып, балаларға шаттык сыйлаған барша демеушілер мен жанашыр азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз. Балаларымыздың білім жолы сәтті, қадамдары құтты болсын!

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться