Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-08-21 20:27:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БҰҰ Даму бағдарламасы Тәжікстанның дамуына $84 млн бағыттайды

news single

   Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тәжікстанға 2027–2030 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламаны әзірледі,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бағдарламаның жалпы бюджеті шамамен 84,07 млн долларды құрайды. Қаржы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдауға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, климаттың өзгеруіне бейімделуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталмақ.

 

  Бағдарлама аясында жастар мен әйелдер үшін жұмыс орындарын ашу, кәсіби дағдыларды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, цифрлық мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін мемлекеттік басқаруға енгізу көзделген. Сонымен қатар БҰҰДБ Тәжікстанның климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттыруға, табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға және төтенше жағдайларға дайындық жүйесін күшейтуге қолдау көрсетеді.

 

  Жаңа бағдарлама Тәжікстанның 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясымен және 2026–2030 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасымен үйлестірілген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться