Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-25 18:38:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тазалық қызметкерлерін видеоға түсірген әйел жауапқа тартылды

news single

    Алматыда тазалық қызметкерлерін жұмыс уақытында видеоға түсіріп, арандатушылық сипаттағы түсірілім жүргізген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Adyrna.kz"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Оқиға   сағат 13:10 шамасында Майлин көшесіндегі бөлінген жолақта орналасқан аллеяда болған. Сол уақытта Түрксіб ауданындағы «Алматы тазалық» МКК қызметкерлері түскі үзілісте отырған.

 

    Әкімдік мәліметінше, кәсіпорынның өндірістік персоналы тәулік бойы үш ауысыммен жұмыс істейді. Күндізгі ауысым қызметкерлеріне сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін, ал түнгі ауысым қызметкерлеріне 00:00-ден 02:00-ге дейін үзіліс беріледі,  кәсіпорын қызметкерлері аталған жағдайға байланысты Түрксіб аудандық полиция басқармасына арыз жазған.

 

   Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться