Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-08-25 19:29:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Шарджада апалы-сіңілі екі қазақстандық қыз қаза тапты: СІМ мән-жайды анықтауға көмектесіп жатыр

news single

   Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы — Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханова қаза тапты,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаза болған қыздардың мәйітін Қазақстанға жеткізуге көмек сұраған жазбалар тараған болатын.

 

  ҚР СІМ мәліметінше, Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы тиісті құжаттарды рәсімдеуге және қазақстандықтардың қаза болу мән-жайларын анықтау бойынша БАӘ-нің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр.

 

   Қазіргі уақытта Әмірліктердің тиісті органдары оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге қосымша ақпарат жарияланбайды.

 

   СІМ қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыста екенін және өз құзыреті шеңберінде қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться