Салт-дәстүр

Автор: ADMIN

Салт-дәстүр 2026-08-26 14:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қара шаңырақтың иесі

news single

   Қазақ салты бойынша, «ұлға енші, қызға кәде» беріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырады. Қара шаңыраққа және үйден қалған мал-мүлікке ұлдың кенжесі (ең кішісі) ие болады. Әке-шешені де негізінен қара шаңыраққа ие болған кенже ұлы күтіп, бағады.

 

   Ата-ананың байлығын ұлдарына еншіге бөліп беретінін, олардың ішінде кенже ұл ең көп үлеске (шаңыраққа) ие болатынын кезінде Геродот та жазып қалдырған. Бұл арада ең мол үлеске ие болудың өзі қара шаңыраққа мұрагерлік ету екені белгілі.

 

   Қазақтың этникалық құрамында басты орынды иеленетін үйсіндерде де қара шаңыраққа және онда қалған мал-мүлікке ұлдың кенжесі ие болатын дәстүр болған. Сақтарда да, үйсіндерде де, ғұндарда да ру басылық, мансап-мәртебе, лауазым негізінен ұлдың үлкеніне қалса, қара шаңырақ пен оның еншіге бөліп бергеннен қалған мал-мүлкіне ұлдың кенжесі мұрагерлік еткен.

 

    Қазақ халқында мал-мүліктің иесі негізінен ер адамдар деп есептелген, ұзатылып кеткен қыз төркініндегі мал-мүлікке иелік етпеген. Отбасында аталық құқық жүйесі бекем ұсталған. Екі рудан бас құраған ер мен әйелдің ұрпағы ері жақтың руымен аталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться