Салт-дәстүр

Автор: ADMIN

Салт-дәстүр 2026-08-26 18:40:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қасқа жазасы

news single

   Қазақтың «Жеті жарғысы» мен билік, әдет-ғұрып заңдарында қылмыстың ауырлығына қарай жаза түрлері де әртүрлі болған. Соның ішіндегі ең ауыр жазалаудың бірі — «қасқа» деп аталады. Бұл жазаға ұшыраған адамға өшпес таңба салынып, елден қуылады.

 

   Мұндай ауыр жазаны жазушы Б. Момышұлы былай суреттеген: «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырдырыпты. Артынан құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайдан сол самайға дейін тіліп, басына жарғақ тымақ, үстіне айналдырған тон кигізіп, қолына таяқ ұстатыпты.

 

    «Енді қайда барсаң, сонда бар, сендей арам ағайыннан адал артық» деп теріс батасын беріп, ата қоныстан аластап тастаған екен». Ол заманда қарғыстың ауыры — «теріс бата», жазаның ауыры — «қасқа» болып танылған.

 

   Мұндай жазаға ұшырағандарға жұрт «қараң батсын», «келмеске кет» деп қарғыс айтып, артынан топырақ шашқан.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться