Салт-дәстүр

Автор: ADMIN

Салт-дәстүр 2026-08-28 23:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Шаңбасты

news single

   Қазақтың ежелгі тәртіптері бойынша, бөтен адамдар біреудің меншікті жерін рұқсатсыз басып алмаған, ол жердің арнайы бақылаушысы (күзетшісі) болған. Ал жолаушылар болса, жақын маңдағы ауылға соқпай, ауыл адамдарына өзі көрген-естіген жаңалықтарын жеткізбей өтпеген.

 

  Бұл тәртіпті бұзған адамдар күдікті, күмәнді, ұры-қарақшы ретінде саналған. Мұндай жағдайда ел, ауыл ақсақалдары ондай адамдарды ұстатып алып, тергеп-тексеріп, айып салған. Мұны қазақта «шаңбасты» жазасы дейді.

 

  Ол кезде ауыл тұсынан шаңдатып (ат шаптырып) өту әдепсіздік есептелген. Қатаң ереже-тәртіптердің қазақ халқында ертеден бар екенін осыдан-ақ байқауға болады.

 

  Сонымен бірге, біреудің жеріне малын рұқсатсыз айдап өткендер де жер иесіне өз малының көлеміне сәйкес төлем (мал) төлеген. Мұны да қазақ «шаңбасты» (жерді тұяқ кесті етті деген ұғымда) деп атаған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Қоғам 2026-08-28

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Шаңбасты

Последние новости

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Хан сайлау

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Шаңбасты

img
Общество 2026-08-28

ПРЕСС РЕЛИЗ

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться