Салт-дәстүр

Автор: ADMIN

Салт-дәстүр 2026-08-28 23:10:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Хан сайлау

news single

   Бұрынғы қазақтың хан сайлау әдетінде ханға сайланушы үміткерлер бірнешеу болатын. Алайда, олардың міндетті түрде төре тұқымынан (Шыңғыс хан ұрпағынан) болуы шарт еді. Төрелер қазақ ордасында «ақсүйек» деп есептелген. Керей хан, әз-Жәнібек хан сияқты қазақ хандары түгелімен осы төре тұқымынан шыққан. Хан сайлауға қатысатын үміткерлер ашық жарияланатын. Ел ағасы, сұлтан, би, батыр, шежіреші-шешендердің бәрі үміткерлерді таңдауға қатыса алатын.

 

    Ханға сайланушы тек тегіне қарай емес, болмысына, ел басқару, елді ұйымдастыру қабілетіне қарай халықтың қалауы бойынша таңдалатын. Тарихта қазақ ордасында болған Керей ханнан Кенесары ханға дейінгі хандар түгелімен осылай сайланған. Сауын айтылған (хабар жіберілген) ел бір орталыққа жиналып, үлкен-кіші, кәрі-жас демей сәнді киінетін, сарбаздар мен батырлар қару-жарағын асынып келетін болған. 

 

   Сол дәуірдің нақты жағдайына сай сайланатын адамдарға мынадай шарттар қойылған:

  1. Топ жарып, сөз бастайтын жезтаңдай шешен болу, әділ кесім жасайтын білікті болу.
  2. 2. Халқын аялайтын, елін, жерін сыртқы жаудан, жемқорлардан қорғай алатын болу.

3. Руы іргелі, өзі беделді, сөзі өтімді, ойы толғамды болу керек. Ел «билікті осындай адамдар ұстасын» деп пәтуаға келген. Хан сайлауда дауыс беру құқығы ел ағаларында, сұлтандарда, билер мен батырларда болды. Хан сайланғаннан кейін көпке таныстырылып, ақ киізге отырғызылатын. Би, батыр, шежіреші-шешен, сұлтандар болашақ ханға арнап сөз сөйлеп, бата беретін. Одан соң ақ киізге отырғызылған күйінде төрт беделді адам киіздің төрт бұрышынан ұстап, бастарынан асыра үш рет көтеріп, қайта жерге қоятын.

 

   Бұл рәсім «ақ киізге көтеру» немесе «хан көтеру» деп аталған. Хан ақ киізге көтеріліп, жерге қойылғаннан кейін, үстіне алтын-күміс теңгеден шашу шашылатын. Қазақтағы хан сайлауы — қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі қалыптасқан жүйе. Ал қазақтың арғы аталары ғұндар мен үйсіндерде ел билігі негізінен мұрагерлік жүйемен жалғасып отырған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться