Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2026-08-29 19:31:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Әлемде алғаш рет туу көрсеткіші халықтың ұдайы өсу деңгейінен төмендеді

news single

   2026 жылы әлемдегі жалпы туу коэффициенті халықтың ұдайы өсуін қамтамасыз ететін межеден алғаш рет төмен түсуі мүмкін,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы демографтар Иисус Фернандес-Вильяверде мен Патрик Норриктің Terra Incognita: The Economics of a Shrinking World зерттеуінде айтылған. Зерттеушілер 1950 жылдан бергі 236 ел мен аумақтың демографиялық деректерін талдап, олардың 219-ында туу көрсеткішінің тұрақты төмендегенін анықтаған.

 

   Авторлардың бағалауынша, әлем халқын ұдайы толықтыру үшін орта есеппен әйелге шамамен 2,2 бала қажет, ал қазіргі жаһандық көрсеткіш осы деңгейден төмендеуі ықтимал.

 

  «Біздің білуімізше, мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес — тіпті соғыстар мен пандемиялар кезінде де», — делінген зерттеуде. Бұл ретте туу көрсеткішінің төмендеуі әлем халқы бірден азаяды дегенді білдірмейді.

 

   Зерттеу авторларының болжамынша, халық саны шамамен 2056 жылға дейін өсуі мүмкін. Ал БҰҰ қазіргі болжамында әлем халқының 2080-жылдардың ортасына қарай 10,3 млрд адамға жуықтап, содан кейін шарықтау шегіне жететіні көрсетілген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться