Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-08-29 20:14:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматы әкімдігі мен полиция 1 қыркүйекте көлікті үйде қалдыруға шақырды

news single

   Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Алматы көшелеріндегі көлік кептелісінің артуы күтілуде,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Осыған орай қала әкімдігі мен полиция тұрғындарға 1 қыркүйекте жеке көлікті мүмкіндігінше пайдаланбауға шақырды. Алматы қаласы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ешанқұлдың айтуынша, бүгінде қала көшелеріне күн сайын 3 232 автобус пен троллейбус шығып, шамамен 1,6 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.

 

   Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап резервтегі көліктерді пайдалану арқылы бірқатар бағыттарда қоғамдық көлік саны көбейтіледі. Ең алдымен, мектептердің маңынан өтетін маршруттарға қосымша автобустар шығарылады.

 

   Әкімдік тұрғындарды жолдағы жағдайды ескеріп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться