Денсаулық

Автор: ADMIN

Денсаулық 2026-08-31 16:01:00

Біз әлеуметтік желілерде:

АДЫРАСПАН

news single

    Адыраспан — улы, сасық иісті, жұмыр, шөптесін өсімдік. Сабағының түп жағынан төрт бұтақ шығады. Төменгі жағы жер бауырлап, ал жоғарғы жағы көлбей өседі. Кезектесіп орналасқан жапырақтары көп ашалы, таспа пішінді болып келеді. Ақ түсті бес жапырақшасы бар гүлі жапырақ қолтығында дара өседі. Қауашақты жемісі шар тәрізді, домалақ келеді. Жол жағасында, шөлейтті әрі құрғақ жерлерде өседі. 

 

   Жер үстіндегі бөлігі (шөбі) және тұқымы дәріге пайдаланылады. Жер үстіндегі бөлігін жазда немесе күзде жинап, жас күйінде немесе кептіріп, турап пайдаланады. Тұқымы толық піскенде жиналады.

 

   Ем болатын аурулары

 1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшермен ішсе, талма (эпилепсия), сал (паралич), ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс (сіңір) ауруларына жақсы ем болады.

2. Сабағы мен жапырағынан 30 г алып, жаншып, 120 мл суға қайнатады. Шырынын сүзіп алып, 90 г бал, 60 г күнжіт майымен араластырып ішсе, дереу құстырады.

3. 500 г шөбін 0,5 л араққа қайнатып (немесе тұндырып), күніне 30 грамнан бір ай бойы ішсе, талма мен бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі бір себептермен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе, жүкті болады.

4. Күніне 4–6 грамнан он бес күн ішсе, ревматизм ауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.

5. Тіс қақсап ауырғанда адыраспан шөбімен ыстаса, ауруы басылады.

6. Буынның жел-құз (ревматизм) қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып, буынға таңады. Пайдалану мөлшері: Сабағы мен жапырағынан 4–8 г, тұқымынан 0,1–0,5 г. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі (алкалоидтар) мен ұшпа май бар.

 Ескерту: Өсімдік улы болғандықтан, өте абайлап қолданған жөн.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Қызықты оқиғалар 2026-08-31

Әзірейілді таңғалдырған оқиға

img
Денсаулық 2026-08-31

АЛОЭ (БАРБАРИС)

Последние новости

img
Денсаулық 2026-08-31

Ас тұзы

img
Денсаулық 2026-08-31

Аскөк

img
Денсаулық 2026-08-31

АЛОЭ (БАРБАРИС)

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться