Денсаулық

Автор: ADMIN

Денсаулық 2026-08-31 16:15:00

Біз әлеуметтік желілерде:

АЛОЭ (БАРБАРИС)

news single

    Алоэ — көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі — 10–60 см. Жапырағы найза тәрізді, етті, жартылай дөңгелек пішінді, жиегі тісті және тікенді болып келеді. Өңі көгілдір жасыл түсті болады. Қозғасаң, үстінен ақ тозаң шығады. Жапырағы сабағына тығыз жабысып өседі. Гүлі жапырақ шоқтарының ортасынан өсіп шығады. Сары түсті гүлдері жоғарғы бөлігінде шашақ гүлшоғырын құрайды. Үшбұрышты қауашақ жемісі піскенде жарылады. Алоэның жапырағы мен сабағы дәріге пайдаланылады. Кермек дәмді, усыз келеді.

 

   Ем болатын аурулары

   1. Үлкен дәрет жүрмегенде (іш қатқанда) алоэдан 20 г, сырдан (шайырдан) 15 г ұнтақтап, жақсы араққа араластырып, түйіршік дәрі жасап, 9 грамнан ішіп отыру керек.

 

  2. Ересектердің немесе балалардың талма ауруына: алоэдан 9 г, шикі пимелиядан 30 г (жемжеміл суына аз қайнатып), бәйжуден (қытай дәрілік шөбі) 30 г, қызыл миядан 15 г қосып ұнтақтап, түйіршік дәрі жасайды да, 1,5 г жемжеміл суымен ішеді.

 

 3. Геморрой жарасы сыздап ауырғанда, 1 г алоэны араққа езіп, оған 0,3 г борнеол қосып, дайындалған дәріні геморрой жарасына жағады.

 

4. Тісті құрт жеп ауырғанда, алдымен ауызды тұзды сумен жуып, 1 г алоэны ұнтақтап, тіске басады.

 

5. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда, алоэдан белгілі мөлшерде алып, жаншып, жарақатқа таңады.

 

  6. Кеңірдек демікпесіне (бронх демікпесі) жас алоэны езіп, шырынына азырақ шекер қосып, күніне үш рет (әр ретте 5–7 миллилитрден) ішеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Қызықты оқиғалар 2026-08-31

Әзірейілді таңғалдырған оқиға

img
Денсаулық 2026-08-31

Ас тұзы

Последние новости

img
Денсаулық 2026-08-31

Ас тұзы

img
Денсаулық 2026-08-31

Аскөк

img
Денсаулық 2026-08-31

АЛОЭ (БАРБАРИС)

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться