Денсаулық

Автор: ADMIN

Денсаулық 2026-08-31 16:37:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ас тұзы

news single

    Ас тұзы — суда еритін ақ түсті кристалл. Көбінесе кен орындарынан алынады. Табиғатта сұйық (тұзды су) түрінде де кездеседі. Ондай сұйықтық тұз сорының булануы арқылы қатты денеге айналады. Шыңжаңның барлық жерінен табылады.

 

   Ем болатын аурулары

  Организмдегі сұйықтықтарды қалыпқа келтіреді. Натрий мен хлордың денедегі теңгерімін сақтайды. Дене мүшелерінің кілегейлі қабықтарын жиыру, көзді нұрландыру, тағамдарды нәрлендіру қасиетіне ие.

  1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г тазаланған ас тұзын сірке суына ерітіп жақса, тері тез қалпына келіп, ауру жоғалады.

 

2. 1–2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі бекиді, тістің кірін кетіреді.

 

3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр майына немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап жақса, уытын қайтарады, ауырған жерді басады.

 

 4. Ұрылып-соғылудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орнына таңады. Мұны «сорбақта» деп атайды.

 

 5. Іш кірнесі (асқазанның бұзылуы) ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырып, дорбаға салады да, ішке басып, ыстық өткізеді.

 

6. Ас тұзының жалпы организмге де әсері мол. Аз мөлшердегі ас тұзы асқазан сөлінің бөлініп шығуын молайтып, тамақ қорытуды күшейтеді. Ішектің қызметін жақсартып, кілегейлі қабықтың сұйықтық шығаруын арттырады. Сөйтіп, үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, ақуыздың (белоктың) денеге сіңірілуін күшейтеді.

 

    Ескерту: Қазіргі ғылыми зерттеулерге қарағанда, орта жастан асқан соң, әсіресе жүрек-қан тамырлары науқастарына шалдыққандар күнделікті тұрмыста ас тұзын шектеулі мөлшерде қолданғандары жөн.

 

    Пайдалану мөлшері: Тәулігіне 9 грамнан аспауы қажет.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Денсаулық 2026-08-31

АДЫРАСПАН

img
Денсаулық 2026-08-31

Аскөк

Последние новости

img
Денсаулық 2026-08-31

Ас тұзы

img
Денсаулық 2026-08-31

Аскөк

img
Денсаулық 2026-08-31

АЛОЭ (БАРБАРИС)

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться