Автор: ADMIN
Софья Самоделкина Олимпиадаға жолдама алды!
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында Софья Самоделкина 14-орынға тұрақтады (117,78 ұпай). Жүлделі орынға жете алмаса да, бұл нәтиже оның Олимпиадаға жолдама алуына жеткілікті болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
18 жастағы спортшы үшін бұл үлкен жетістік. Ал жарыстың басты жұлдызы – америкалық Алиса Лю (222,97 ұпай). Ол үш жыл бұрын спорттан қол үзгенімен, қайта оралып, әлем чемпионы атанды. Күміс пен қола жүлделерді жапондық Каори Сакамото (217,98) мен Монэ Тиба (215,24) иеленді.
Сонымен қатар, қысқа бағдарламада үшінші орын алған Михаил Шайдоров та ертең жарыс жолына шығады. Ол алғашқы жаттығу нәтижесі бойынша 94,77 ұпай жинап, тек америкалық Илья Малинин (110,41) мен жапондық Юма Кагиямадан (107,09) қалып қойды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu