Автор: ADMIN
“Buyers Union” қаржы пирамидасының қызметі ресми түрде тоқтатылды
2025 жылғы 26 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған “Buyers Union” қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйым азаматтарды жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға, Trade-in және ReFinance бағдарламаларына инвестиция салуға шақырып, қаржылық алаяқтық схемасын іске асырған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сонымен қатар, кооператив “дивиденд алу мүмкіндігімен менеджер ретінде жұмыс істеу” ұсынысын жасап, жеке тұлғалардың қаражатын тартқан. Қатысушыларға ай сайын 30 000 теңге көлемінде өмірді сақтандыру төлемін және сатып алынатын мүліктің құнынан 10% бастапқы жарна төлеуді міндеттеген.
Маңыздысы – салымшыларға қаржы қозғалысы бойынша ешқандай ресми құжат берілмеген. Ақша тек жеке кабинетте көрсетіліп, нәтижесінде 250-ден астам адам 300 миллион теңгеден аса қаражат салған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Мамандар азаматтарды қаржылық пирамидалардан сақ болуға шақырады. Инвестиция жасамас бұрын, компанияның заңдылығын тексеріңіз!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Откроется прямой авиарейс между Костанаем и Ташкентом
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى