Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-09-03 18:34:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Астанаға жұмыс істеуге кеткен қызылордалық қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

news single

    Қызылордадан Астанаға жұмыс істеуге барған қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Оқиғаға байланысты Астана қаласы полиция департаменті Kazinform агенттігіне ресми түсініктеме берді. Полиция мәліметінше, Есіл аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

   «Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың себептері анықталады», – деп хабарлады полиция.

 

   Ведомствоның мәліметінше, әзірге күдікті анықталған жоқ. Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Осыған байланысты полиция тергеу барысы мен оның нәтижелері туралы қосымша ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться